Қазақстанға майнерлерді Энергетика министрлігі шақырған жоқ. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Майнерлердің келуі елде электр тапшылығын туындатып жатса, оларды неге шақырдық? Нарықтың есігін неге ашып бердік», - деп сұрады БАҚ өкілі Энергетика министрі Болат Ақшолақовтан.
Ведомство басшысы ол «шақыруға» министрліктің қатысы жоқ екенін айтты.
«Энергетика министрлігі елімізге ешқандай майнерді шақырған жоқ. Олардың келуі электр тапшылығығын туғызатынын білген болсақ, біздің шақыруымыз тіптен мүмкін емес еді. Өйткені біздің басты міндетіміз – электр қуатын үздіксіз жеткізіп отыру», - деді министр.
Ведомство басшысы энергетика нарығына майнерлерді шақыру әрекетіне маман ретіндегі көзқарасын да білдірді.
«Нарық ашық қой. Сондықтан да келген шығар. Шақырумен келуі де мүмкін. Бірақ кімнің шақырып жүргенін мен білмеймін. Тіпті шақырып қажет те емес пе еді?... Қалай болса да, майнерлер Қазақстанда пайда болды. Энергетика министрлігінің оларды шақырмағын анық», - деді Болат Ақшолақов.