#
#
Жексенбі 09/08/2020

Қазақстанға коронавирусты емдейтін жаңа препарат әкелінді

  • 03.07.2020
  • 0
  • 325

Қазақстандағы стационарлық ауруханаларда КВИ жұқтырғандарды ресейлік жаңа препаратпен емдейді. Жаңа дәрінің жеткізілгенін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Авифавир» атты жаңа препарат коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды емдеуге арналған хаттамаға енгізілген.

«Бұл препарат бір реттік тәртіпте сатып алынып, біздің елге жеткізілді. Онымен стационарлық науқастарды емдейді. Осы препаратпен емделетін адамдар бақылауға алынады. Себебі ол препарат - жаңа. Клиникалық сынақтан жақында ғана өткен», - деді Ажар Ғиният.

Айта кетсек, бұған дейін Ресей Федерациясында аталған препарат сынақтан сәтті өткізілгені хабарланған еді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар