13 нау, 2018 сағат 08:52

Қазақстанға көктем әлі келе қойған жоқ – Қазгидромет

Қазақстанға көктем әлі келе қойған жоқ: республиканың басым бөлігіне алдағы үш күнде биік циклондар мен атмосфералық фронттар әсер етеді, деп жазады sputniknews.kz.

"Қазақстан аумағы арқылы өтетін атмосфералық фронттардың салдарынан елдің солтүстік бөлігінде қар жауады. Оңтүстігінде – қар аралас жаңбыр, сонымен қатар тұман түсіп, көктайғақ болады және ауа температурасы төмендейді. Батыс және солтүстік облыстарда температура климаттық нормадан 3-7 градус төмен, фронттардың өтуіне байланысты еліміздің қалған өңірлерінде де күн суытады", — деп мәлімет берген "Қазгидромет" РМК инженер-синоптигі Айнұр Қайынбаева.