13 ақп, 2021 сағат 08:51

Қазақстанға Дубай – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус анықталды

12 ақпан күні Қазақстанға Ұлыбритания, Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Беларусь, Өзбекстан мен Қырғызстаннан 18 халықаралық әуе рейсі келді.

Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы хабарлады. 

1 945 жолаушының ішінде 1 639 адам ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен, анықтамасыз 306 ҚР азаматы келді. 

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 1 169 жолаушы, анықтамамен - 939, анықтамасыз - 230; 

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 732 жолаушы, анықтамамен - 656; анықтамасыз - 76;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 44 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантин стационарынларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 11 ақпанында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері бойынша, Дубай – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.