01 нау, 2021 сағат 12:10

Қазақстанға Дубай-Алматы рейсімен келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды

28 ақпан күні Қазақстан аумағына Германия, Шри-Ланка, Сауд Арабиясы, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан 23 халықаралық әуе рейсі келді.

3 210 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 481 адам, анықтамасыз 729 ҚР азаматтары келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

Ондағы ақпараттарға қарағанда, елге келген азаматтардың ішінде: 

Алматы қаласының әуежайына – 15 рейс, 2 033 жолаушы, анықтамамен – 1 693, анықтамасыз - 340; 

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 177 жолаушы, анықтамамен - 788; анықтамасыз - 389. 

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 27 ақпанында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелеріне сәйкес, анықтамасыз келген 473 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Дубай – Алматы рейсімен келген төрт жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.