23 сәу, 2021 сағат 09:30

Қазақстанға бір күнде 3,7 мың авиажолаушы келді

Қазақстанға халықаралық әуе рейстерімен 3 716 авиажолаушы келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

22 сәуірде Қазақстан Республикасының аумағына Грекия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 28 халықаралық әуе рейсі келді.

Өткен тәулікте 3 716 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 14 рейс, 1 820 жолаушы; 

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 240 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 3 рейс, 379 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 149 жолаушы;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 4 жолаушы;

Түркістан қаласының әуежайына – 1 рейс, 124 жолаушы келген;

Барлық жолаушы COVID-19-ға ПТР-тестілеу туралы анықтамамен келген.

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 12 сәуірдегі №13 қаулысына сәйкес, авиакомпаниялар Қазақстанның Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте берілгеніне 3 тәулік өтпеген ПТР әдісімен COVID-19-ға тестіден өткені туралы анықтаманы ұсынбаған жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызбауы тиіс.