07 жел, 2023 сағат 11:22

Қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертілді

Polisia.kz

Алматы полициясы алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті, - деп жазады Polisia.kz.

Киберпол қазіргі уақытта интернет-алаяқтық деректері жиілеп кеткенін хабарлайды. Қаскөйлер жәбірленушілер атынан Whatsapp мессенджеріндегі аккаунтты пайдаланып, қолжетімді барлық контактіге әртүрлі сылтаумен ақша жіберуді сұрайтын мәтін жіберіп, үшінші адамдардың жалған шоттарын көрсетеді.

"Күдіктілер зиян сілтеме арқылы Whatsapp аккаунтқа қолжеткізе алатыны белгілі болды. Осыған байланысты, Алматы полициясы азаматтарды әдетте ұтыс ойыны, балаларға дауыс беру, кез келген тақырып бойынша сауалнама және т.б. түрінде таралатын күмәнді сілтемелерді баспауды және олардың сайтына кірмеуді, сондай-ақ жеке деректерді енгізбеуді ескертеді және шақырады", – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Кездейсоқ күдікті сілтемені бастым деп күмәндансаңыз, Whatsapp қолданбасына өтіп, өзгертулер бөліміне кіріп, "байланыстырылған құрылғыларға" өту арқылы Whatsapp аккаунтыңызға параллель кіруді тексеруге болады. Ол жерде сіз қосылмаған белгісіз құрылғы көрсетілсе, осы сессиядан дереу шығыңыз.