13 қаз, 2020 сағат 16:27

Қазақстандықтардың азаматтық белсенділігі артты - Марат Шибұтов

Қазақстандықтар өз құқығын белсенді түрде қорғай бастаған. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Марат Шибұтов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Мемлекеттік органдарға келіп түсетін арыз-шағымдарды сараптайтын болсақ, лауазымды тұлғалардың әрекеттері мен әрекетсіздіктеріне қатысты шағым бірінші орынға шығады. Мұндай арыз-шағымдар 40%-ды құрайды. Қоғам лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне немқұрайлы қарауды доғарған, олар әсіресе лауазымды тұлғалар тарапынан болған әрекетсіздікке қатысты көп шағымданады», - деді Марат Шибұтов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өткізген AntikorLive жобасында. 

Ол қазақстандықтардың азаматтық белсенділігі арта түскенін айтты. 

«Егер күш-қуатты дұрыс бағытқа жұмсаса, нәтиже жаман болмайды. Қазіргі уақытта керекті бағыт арнайы мониторингтік топтар түрінде және еріктілер түрінде де бар», - дейді ол.