HeadHunter компаниясының зерттеу орталығы 2019 жылы қандай мақсатпен жаңа жұмыс іздейтіндерін анықтау үшін қазақстандықтардың арасында сауалнама жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
2019 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы еңбек нарығындағы ұсыныс пен сұраныс тенденцияларын талдауға сүйенсек, сауалнамаға Қазақстанның барлық өңірінен 8 243 адам қатысқан. Негізінен 26-35 жас аралығындағы қатысушылар белсенді болған. Олар жалпы қатысушылардың 39% құрайды.
Бұдан тыс, респонденттердің 85% биыл жаңа жұмыс іздемек.
Неліктен жұмысыңызды алмастырғыңыз келеді деген сұраққа берілген басты жауап - жоғары жалақы болды.
«2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында жұмыс іздеушілер қалайтын жалақы диапазоны негізінен 114 400 теңгеден 171 600 теңге аралығында болды. Екінші орында - 85-114 мың теңгенің диапазоны», - дейді компанияның маркетинг және PR бөлімінің менеджері Дана Қасымова.
Жыл басынан сатушы, есепші, басқарудағы есеп, қаржы, әкімшілік қызметкерлері, өндіріс, ақпарат технологиялары, интернет, телеком, көлік, банк қызметкері, инвестициялар, лизинг, құрылыс, топ-менеджмент сияқты жұмыстарға сұраныс жоғары болған.