05 ақп, 2021 сағат 09:50

Қазақстандықтардың 99 % интернетпен қамтамасыз етілген - Асқар Мамин

Премьер-Министр Асқар Мамин қазақстандықтардың интернетпен қамтылуы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен пандемия жағдайында Қазақстан экономикасы тұрақтылықтың жоғары деңгейін көрсеткенін атап өткім келеді. Бұл көбіне сандық шешімдердің мемлекеттік және жеке секторлардың барлық саласына енуіне байланысты. Шектеулерге қарамастан, біз цифрлық инфрақұрылымның қолжетімділігі мен сапасын жақсарту бойынша барынша жұмыс істедік. 2020 жылы МЖӘ жобасы аясында 20 мың шақырымдық талшықты-оптикалық байланыс желісін салудың аяқтадық. Мыңнан астам ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылды. Бұл аймақтардағы технологиялық теңсіздік деңгейін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде, бүгінде Қазақстан халқын интернетпен қамту 99% құрайды», - деді Асқар Мамин Digital Almaty 2021 аясында. 

Үкімет басшысы өз сөзінде мемлекеттік мекемелердің цифрлық шешімдерді жеделдетіп енгізуі қазіргі жағдайда аса қажет екендігін атап өтті. Сонымен қатар, ол қашықтан оқыту мен жұмыс істеу форматы кірістің азаюына өмір сүру сапасының төмендеуіне кедергі келтіруіне жол бермеу қажеттігін де тілге тиек етті. 

«Біз цифрлық экономиканың бұрын-соңды болмаған өсуіне куә болдық. Дүниежүзілік қаржы институттарының мәліметтері бойынша 2020 жылы IT-технологияға жұмсалған қаржы көлемі 3,9 трлн доллардан асты», - деді Асқар Мамин.