Қазақстандықтар тамыз айында 9 күн демалады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап.
Биыл Конституция күні сейсенбіге сәйкес келіп тұр. Бұл күн - мереке.
Үкіметтің "2022 жылғы демалыс күндерін ауыстыру туралы" қаулысына сәйкес демалыс күні 27 тамыз сенбіден 29 тамыз дүйсенбісіне ауыстырылды.
Сәйкесінше, қазақстандықтар былай демалады:
бес күндік жұмыс аптасымен - демалыс күнінің үш күн қатарынан ауыстырылуын ескере отырып: 28, 29, 30 тамыз (жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі);
алты күндік жұмыс аптасымен - екі күн: 28, 30 тамыз (жексенбі, сейсенбі).
Жалпы, бес күндік жұмыс аптасына көшкен қазақстандықтар тамыз айында 9 күн демалады.