23-25 маусым аралығында бес планета – Меркурий, Шолпан, Марс, Юпитер және Сатурнның шеруі өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Олар шығыс пен солтүстік-шығыстан доға түрінде созылып, түнгі аспанда бір қатарға тұрады. Қазақстандықтар бірегей астрономиялық құбылыстың куәгері бола алады. Бұл туралы астрофизик Виктор Тейфель хабарлады.
Ғалымның айтуынша, планеталар шеруі таңда болатындықтан қазақстандықтар 23 маусымнан 24 маусымға қараған түні бұл планеталардың барлығын тамашалай алады. Ең жарығы – Юпитер мен Сатурнды түн ортасында көруге болады. Шолпан тек таңғы уақытта көрінеді. Меркурийді таңертең ерте немесе кешке, күн батқаннан кейін тамашалай аласыз.
Мұндай құбылыс соңғы рет 1864 жылы 5 наурызда болған. Барлық бес планета мен Ай қатты жарқырап тұрғандықтан олар жарығы көп қалалар мен елді мекендерден де көрінеді.
1440 рет оқылды