"Ұлт ақпарат" агенттігі оқырман қауымға Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына қатысты белгілі тұлғалардың әлеуметтік желілердегі пікірлерін ұсынады.
***
Президент жаңа мақаласында Ұлы даланың бірегей тарихи мұрасын жүйелі түрде жан-жақты талдайды, оның әлемдік тарихтағы рөлі мен орнын ғылыми тұрғыдан байыптауды ұсынады. Елбасының идеяларын жүзеге асыру жолында алдымызда ауқымды жұмыстар тұр.
Қасым-Жомарт Тоқаев,
Сенат төрағасы
***
Ел газеті #Егеменде Елбасының тариxи сананы жаңғыртуға бастайтын бағдарламалық мақаласы жарық көрді.
Руxани жаңғырудың жалғасы іспетті тағылымды мақалада ұлт тариxының бастаулары, Ұлы Дала өркениеті, түркі әлемінің генезисі, түркілердің адамзат тариxына қосқан сүбелі үлесі сияқты маңызды тақырыптармен бірге оларды жүзеге асырудың да нақты жолдары көрсетілген.
Терең тариxымызды түгендеуге мүмкіндік беретін бағдарламалық мақаланың түгел түркі мен Ұлы даладан бастау алатын тамырлас жұрттардың да ортақ игілігіне айналары сөзсіз.
Дархан Қыдырәлі,
Халықаралық Түркі академиясының президенті,
«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы
***
«Қазақстандықтар өзінің ұлы тарихымен мақтануы керек. Президенттің жаңа мақаласында Ұлы даланың тарихына қатысты терең көзқарас жатыр.
Ғалым Шойкин,
Президент Әкімшілігінің сектор меңгерушісі
***
Елбасы "Ұлы даланың жеті қыры" деп аталатын мақаласын жариялады! Ел-жұрттың көкейінде жүрген толғақты дүниелерді тап басты. Бұл - біздің жас ұрпаққа керек! Кешеге дейін тариxымыз жоқ, мемлекеттілік болмаған дейтін сыңаржақ пікір бар еді немесе тариxымыз тек қырылудан, шерге толы өксіктен тұрады деп келсек, енді Қазақ Елінің адамзат баласының құндылықтарына қосқан үлесі барынша айқын тұжырымдалды!
Нұртөре Жүсіп,
"Айқын" республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы
***
Biz - Qazaqpiz!
Біздің халықтың айқындалуында нақты нүкте қойылды. Біздің кім екеніміз туралы сұраққа енді мүлде орын жоқ. Біз қандай идеологияны насихаттайтынымыз туралы сұрақ жиі көтеріліп жүр еді. Рухани жаңғыру арқылы ұлттық кодымызды танып, әлемге өзімізді таныта білсек, «Ұлы даланың жеті қыры» арқылы біз айқындалу жолын нақты белгілеп алдық. Біздің халық - ғұндар мен сақтардың, түркі этностар тобының мұрагері. Біз кім екенімізді айқындап қана қоймай, бүкіл әлемге де белгі бердік. Әсіресе, қазір бұл өте маңызды
Евгений Кочетов,
«Нұр Отан» партиясының
Стратегиялық бастамалар институты директорының орынбасары
***
Мұқият қарап шықтым. Көңілге қонымды тұстары көп екен. Қазақ руханияты үшін қажетті жобалар.
Айдос Сарым, саясаттанушы
***
«Бұны Facebook-парақшадағы бір ғана жазбаға сыйғызу мүмкін емес. Жеке мақала жазу керек. Ең бастысы, ұрпаққа бағдар берілді. Мемлекет басшысы біздің кім болғанымызды ескертіп, барар жолымызға бағыт берді. Қаншама іргесі бекем ұлт тарих сахнасынан жоғалып кетті. 1991 жылдан бастап бәлкім біздің халыққа жеке мемлекет (ұлт) болып ұйысуға бірегей мүмкіндік беріліп отыр. Біздің осы мүмкіндікті құр жіберуге, дұрыс жолдан ауытқып кетуге қақымыз жоқ. Ұлт үшін, келешектің қамы үшін жұмыс істейтін уақыт келді
Асқар Құмыран,
«ҚазАқпарат» ХАА бас директоры