15 шіл, 2022 сағат 13:08

Қазақстандықтар атышулы "Базз Лайтер" мультфильмін прокатқа қайтаруды талап етті


Қазақстандықтар "Базз Лайтер" мультфильмін прокатқа қайтаруды және Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың отставкаға кетуін талап еткен петицияға қол жинауда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Петицияға қазірдің өзінде 2,8 мыңға жуық адам қол қойған.

Петицияда атап өтілгендей, 14 шілдеде Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев актер Нұртас Адамбайдың "Базз Лайтер" мультфильміне тыйым салу туралы бастамасын жария түрде қолдады. Актер анимациялық фильмнен ЛГБТ насихатын көріп, мультфильм ислам қағидаларына қайшы келеді, "дәстүрлі емес" құндылықтарды насихаттайды деп мәлімдеген. Алайда, петиция автордарының пікірінше, "Қазақстан зайырлы ел болып табылады және ешбір дін жетекші немесе міндетті деп таныла алмайды".

"Демек, фильмге тыйым салу Қазақстанның демократиялық негіздеріне қайшы келеді, онда Қазақстан азаматтары белгілі бір діннің дәстүрлерін сақтауға міндетті еместігі айтылған. Демек, фильмге тыйым салу адам құқығын бұзу болып табылады", - делінген петицияда.

Сондай-ақ, Дәурен Абаев фильмге тыйым салуды қолдау арқылы республика Конституциясында тыйым салынған цензураны жақтап отырғаны айтылған.

"Дәурен Абаевтың әрекетін Ата заңымызға қайшы, министрге жат деп есептейміз. Сондықтан оның Мәдениет және спорт министрі қызметінен кетуін талап етеміз", - делінген құжатта.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Дәурен Абаев «Buzz Lightyear» анимациялық фильмі Қазақстан кинотеатрларында көрсетілмейтінін мәлімдеген.