ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Қазақстан азаматтары 30 күндік мерзім өткенін күтпестен елге оралуына бола ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазақстан Республикасының азаматтары кез келген уақытта елге мемлекеттік шекара арқылы кез келген өткізу пункті арқылы орала алады. Шетел азаматтары үшін Қазақстан Республикасына келуге шектеулер бар. Бұл шектеулер эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып қабылданды», - деді Шекара қызметінің шекаралық бақылау департаментінің өкілі, подполковник Мундаш Муллуашев.