31 мам, 2021 сағат 22:47

Қазақстандықтар 10 маусымда Күннің тұтылу құбылысын көре алады


Биыл 10 маусымда Күн тұтылады деген болжануда, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Мамандардың есебінше, биыл екі рет ай, екі рет күн тұтылуы ықтимал. 10 маусымда ай күннің бетін көлегейлеп, соның әсерінен Күн тұтылмақ. Табиғи құбылыстың ең қанық көрінісі Солтүстік Америкада, Солтүстік Мұзды мұхитта және Ресейдің солтүстік-шығыс бөлігінде, Чукоткада байқалуы мүмкін. 

Қазақстан аумағында тұтылудың тек жекелеген фазалары ғана көрінуы мүмкін. Тіпті күнді арнайы бақыламаса, оның бетіндегі құбылысты аңғармай қалуға да болады. Мамандардың айтуынша, қазақстандықтар бұл сәтті 10 маусым күні түстен кейін көруі мүмкін. 

Бізден бөлек Ресей, Украина, Беларусь, Балтық елдері, Молдова, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан тұрғындары да осындай сәтке куә бола алады. Ал Якутияның солтүстік-шығысында Ай Күннің бетін 94 пайызға дейін жабуы ықтимал.

Жылдың екінші Күн тұтылу құбылысы 4 желтоқсанға дөп келеді. Бірақ оны тек Антарктида мен оның айналасынан ғана көруге болады.