18 сәу, 2021 сағат 14:30

Қазақстандық зілтеміршілер Азия чемпионатын сәтті бастады

Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы екі медаль түсті, деп хабарлайды  "Ұлт ақпарат" Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ерлер арасында 55 келіге дейінгі салмақта Арли Чонтей чемпион атанды. Ол екі бағдарлама қорытындысы бойынша 255 келіні (115+140) бағындырған. Күміс жүлдені тағы бір қазақстандық ауыр атлет Абылай Әуелханов еншіледі. Абылай 244 келіні (108+136) еңсерген. 

Бүгін Зүлфия Чиншало мен Игорь Сон жүлдеге таласатынын естеріңізге саламыз.