22 сәу, 2019 сағат 11:00

Қазақстандық жеңіл атлет Азия чемпионатының «күмісін» еншіледі

Катар астанасы Дохада жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты басталды. Алғашқы жарыс күнінде қазақстандық спортшы Элина Михина ел қоржынына күміс медаль салды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеттен мәлім еткендей, Михинаға жүлде 400 метр дистанцияда бұйырды. Ол аталған қашықтықты 53.18 секундта жүгіріп өткен. 

Бірінші орында - бахрейндік Сальва Насер (51.34), үшінші сатыда - үндістандық Пувама Раджу Мачеттир (53.21). 

Айта кетелік, Михаил Литвин ерлер арасындағы финалдық бәсекеге жолдама алды. Жартылай финалда ол 400 метрді 45.38 секундта жүгіріп өтіп, Қазақстан рекордын орнатты.