Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (13-0, 10 КО) басқа салмақ дәрежесіне ауысуға бел буған, деп хабарлайды Sports.kz.
Промоутер Том Леффлер Ахмедовпен бірге түскен суретін жариялап, боксшының «168 фунтта бокс шыңын бағындыруды жалғастыруға ниетті екендігін» жазды.
Айта кетейік, қазақстандық жартылау ауыр салмақта жастар арасында WBC әлем чемпионы титулының (175 фунт) иегері. Леффлердің жазбасынан Әлидің екінші орта салмаққа түскісі келетінін байқауға болады.
Әли Ахмедов мұның алдындағы айқасын 11 қазанда Коста-Меседе (АҚШ, Калифорния штаты) өткізді. Бұл жекпе-жекте бірінші раундта мексикалық Джовани Хавьер Гоместі (18-15, 12 КО) нокаутқа түсірді. Әзірге спортшының қашан рингке оралатыны белгісіз.