Кванджуда су спорты түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионаты жалғасуда. Су добынан ерлер арасындағы сында Қазақстан командасы алғаш рет жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстандықтар Оңтүстік Кореямен кездесіп, 17:4 (4:1, 4:2, 7:0, 2:1) есебімен басым түсті. Бұл - Шведов шәкірттерінің Кванджудағы алғашқы жеңісі. Бұған дейін біздің команда Хорватия, Австралия және АҚШ-қа есе жіберген болатын.
Келесі кездесу Қазақстан мен Бразилия арасында өтеді. Екі команда 13-орынға таласады.
Матч 23 шілдеге жоспарланған.