18 там, 2021 сағат 21:04

Қазақстандық ұшақтар енді Ауғанстан әуе кеңістігімен ұшпайды


Қазақстанның авиациялық әкімшілігі отандық әуекомпаниялардың ұшақтарына азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіргендіктен, Ауғанстан әуе кеңістігімен ұшуға тыйым салды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ведомство мәліметінше, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі отандық әуекомпаниялардың азаматтық әуе кемелері Ауғанстанның әуе кеңістігін пайдалану бойынша қауіп-қатерді бағалауды және тәуекелдерді басқаруды жүргізген.

"Оның қорытындысы бойынша Ауғанстан аумағына және оның әуе кеңістігіне ұшу кезінде жолаушылар мен әуе кемелерінің қауіпсіздігіне әсер ететін тәуекелдер мен қауіптер бар деген шешім жасалған. Жүргізілген бағалау нәтижелері негізінде 16 тамызда Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тұрақты жүк және чартерлік әуетасымалдарды орындайтын Қазақстанның әуекомпанияларына биылғы жағдай тұрақталғанға дейін азаматтық әуе кемелеріне Ауғанстан аумағына және оның әуе кеңістігіннен ұшуға тыйым салу туралы тиісті нұсқаулар жіберді", - делінген хабарламада.

Осындай нұсқау "Қазаэронавигация" РМК-ға жіберіліпті.

Бұған дейін Daily Mail "Талибан" қозғалысының содырлары (Қазақстанда тыйым салынған - Ескерт.) АҚШ-тың алты миллион доллар тұратын Blackhawk тікұшақтарын тонналаған жабдықтарымен бірге басып алып, елдің әуе кеңістігін бақылауға алғаны хабарланған.