06 ақп, 2021 сағат 12:01

Қазақстандық теннисшілер Мельбурн турнирінің жартылай финалына шыға алмады

Қазақстандықтар Александр Бублик пен Андрей Голубев жұптық сында Мельбурн ATP 250 Great Ocean Road Open жарысының жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстандық жұп ширек финалда осы турнирдің 2-ракеткалары, ұлыбританиялық Джейми Маррей - бразилиялық Бруно Соареспен кездесті. 

Д.Маррей мен Б.Соарес бірінші партияда 6:4 есебімен жеңіске жетсе, екіншісінде А.Бублик пен А.Голубев есе қайырды - 6:4.

Тай-брейкте ұлыбританиялық-бразилиялық жұптың жолы болды - 10:7.

Бәсеке 1 сағат 15 минутқа созылды.

Д.Маррей мен Б.Соарес жартылай финалда хорватиялық Иван Додиг - словакиялық Филип Полашекпен шеберлік байқасады.