Қазақстандықтар Александр Недовесов пен Андрей Голубев жұптық сында Хорватиядағы Сплит челленджер турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстандық жұп финалда Польша өкілдері Шимон Валков – Ян Зелинскимен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Бірінші партияда қазақстандықтар басымдылық көрсетті – 7:5.
Екінші сетте Польша жұбы тай-брейкте әбжілдік танытты – 7:6 (7:5).
Шешуші тай-брейкте А.Недовесов пен А.Голубев жеңісті жұлып алды – 10:5.
Тартысты бәсеке 1 сағат 46 минутқа созылды.