Қазақстанның бірінші, әлемнің 42-ракеткасы Александр Бублик бүгін жаңартылған ATP чемпиондық кестесінде 11-ден 10-орынға көтерілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Чемпиондық кестеде әлемнің 1-ракеткасы, сербиялық Новак Джокович көш бастауда.
Кеше Майами мастерс турнирінің финалында 19 жастағы италиялық Янник Синнерді ұтқан Польша өкілі Хуберт Хуркач 18-ден бірден 5-орынға шықты.
Осы айтулы доданың ширек финалында А.Бубликті жеңген Я.Синнер 17-ден 7-сатыға көтерілді.
Чемпиондық кестеде үздік он теннисші мынадай ретпен орналасты.
1 (1). Новак Джокович (Сербия) — 2140.
2 (2). Даниил Медведев (Россия) — 2130.
3 (3). Андрей Рублёв (Россия) — 1800.
4 (4). Стефанос Циципас (Греция) — 1540.
5 (18). Хуберт Хуркач (Польша) — 1395.
6 (5). Аслан Карацев (Россия) — 1310.
7 (17). Янник Синнер (Италия) — 995.
8 (6). Александр Зверев (Германия) — 935.
9 (16). Роберто Баутиста-Агут (Испания) — 765.
10 (11). Александр Бублик (Қазақстан) — 630.