26 сәу, 2021 сағат 08:40

Самал Еслямова Ресейде үздік актриса атанды


Қазақстандық Самал Еслямова Ресейдегі «Ника» кинематографистер жүлдесінің 2019 жылғы ең үздік актрисасы атанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Ника» ресейлік кинематографистер жүлдесінің 2019 жылғы үздік әйел рөлі аталымын «Айка» фильміндегі рөлі үшін Самал Еслямова мен «Дылда» картинасындағы рөлі үшін Виктория Мирошниченко жеңіп алды. 

2020 жылғы жүлдені Юлия Высоцкая («Дорогие товарищи!») мен Шолпан Хаматова («Доктор Лиза») алды. 

Өткен жылы марапаттау салтанаты пандемияға байланысты өтпеген еді, сол себепті ұйымдастырушылар жексенбі күнгі салтанатты жағдайда жеңімпаздарды қатарынан марапаттады. 

Еске салсақ, 2018 жылы Самал Еслямова Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды. 

Самал Еслямова ресейік режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» атты картинасында басты рөлді сомдаған.

Сондай-ақ, ол Гонконгта өткен Азия киноакадемиясында (Asian Film Awards Academy) «Азияның үздік актрисасы» сыйлығына ие болды.