Қазақстандық паралимпиадашылар Дубайдағы Дүниежүзілік Гран-при 2021 сайысында 11 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл жайында Қазақстанның паралимпиада комитеті мәлімет таратты.
Ұлттық құраманың қоржынында 1 алтын, 4 күміс, 6 қола медаль бар.
Салтанат Әбілқасымқызы 100 метр қашықтыққа жүгіруден - алтын, 200 метр қашықтыққа жүгіруден күміс медаль иеленді.
Алексей Лукутин - ядро лақтырудан, Сергей Харламов пен Ислам Салимов - ұзындыққа секіруден күміс медаль жеңіп алды.
Руфат Хабибуллин – 200 метр қашықтыққа жүгіруден, Анастасия Яковлева – 100 және 200 метр қашықтыққа жүгіруден, Равиль Мансурбаев – ядро лақтырудан, Еламан Жоламан – диск лақтырудан және Мақшат Мейіржан – 400 метр қашықтыққа жүгіруден қола медальге ие болды.
Дубайдағы Дүниежүзілік Гран-при 2021 – пандемия басталғалы бері пара жеңіл атлетикадан өткен алғашқы әлемдік жарыс.
Оған 52 елден 471 спортшы қатысты.
Қазақстанның атынан ядро лақтыру, ұзындыққа секіру, найза және диск лақтыру, жүгіру қашықтықтары тәртіптері бойынша 22 спортшы қатысты.
Жарыс 9-14 ақпан аралығында өтті.