Ойындары "Бірінші арнада" көрсетілетін КВН жоғары лигасына 25 команда шықты. Олардың қатарында Нұр-Сұлтанның қазақстандық "Не кипишуй" командасы да бар. Бұл туралы команда мүшесі Ернар Сакупов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ернар Сакупов былтыр "Не кипишуй" командасына шақырылған. Оның өзі Атыраудан, бұрын қазақша КВН-де өнер көрсеткен.
"Мені командаға ерекшелік қосу үшін шақырды. Негізі, команда мүшелерінің көпшілігі орыс тілінде акцентсіз сөйлейді, ал мен орыс тілін жақсы білмеймін. "Не кипишуй" командасы - Қазақстандағы КВН жоғары лигасының чемпионы. 2020 жылдың чемпиондары. Соған байланысты оларды Сочиге жіберген, 2021 жылы бірінші лигаға жолдама алды. Алдымен жоғарғы лига, содан кейін Премьер-лига және үшінші маңыздылық жағынан - бірінші лига. Біз - бірінші лиганың 2021 жылғы чемпионымыз. Уфа қаласында олар жеңіске жетті. Мен командаға 1/8 финалда қосылдым. Бірінші лиганың бүкіл 27 жылдық тарихында қазақтар бірінші рет жеңіске жетті", - деді Ернар Сақыпов.