«Nomad Stunts» қазақстандық каскадерлер тобы Warrior киносына түсіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Олар Netflix пен HBO жобаларына қатысып жатыр.
Қазір каскадерлер ОАР Кейптаун қаласында Cinemax/HBO кинокомпаниясының Warrior («Жауынгер») фильмінің екінші маусымына түсірілім жұмыстарын қатысу үшін жаттығып жатыр.
Сериал идеясының авторы - Брюс Ли, жобаның шоураннері - Джонатан Троппер, режиссер - Джастин Лин («Форсаж 5 и 6», «Жекпе-жек», «Нағыз детектив» сериалы).
Фильм 19 ғасырдың басындағы оқиғаларды суреттейді.
Басты кейіпкер - жас қытай эммигранты, шығыс жекпе- жегінің шебері қаласындағы бұзақылар соғысына ілініп кетеді.
Сериалдың бірінші маусымы әлемдік прокатқа 5 сәуірде шығады.
Warrior сериалының қоюшысы Hitz International халықаралық ұйымының жетекшісі - Бретт Чан. Nomad Stunts жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов бұл ұйымның мүшелігінде бар.
Сонымен қатар, қазақстандық каскадерлер Netflix компаниясының жаңа жобасына қатысу үшін арнайы кастингтен өтті. Түсірілім жұмыстары Чехияда жүргізіледі.
«Жаңа Зеландияда Disneyдің «Мулан» сериалына түсірілім жасап жатқан кезде осы жобаға шақырту келді. Әзірге сериалдың атауын айта алмаймыз. Бұл - тарихи картина. Біздің қызымыз Жібек Жаппасбаева басты рөлдегі кейіпкерді сомдайтын болады. Қазірдің өзінде ол семсерлесуден шеберлік сабақтарын алуды бастап кетті», - деді Nomad Stunts жетекшісі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жайдарбек Күнғожинов.
Айта кету керек, отандық каскадерлердің фильмографиясында бұл бірінші жоба емес. 2014-2016 жылдары Nomad Stunts Marco Polo сериалының екі маусымында өнер көрсеткен болатын.
Nomad Stunts - осы уақытқа дейін «Мулан», «Тобол», «Томирис», «Неудержимые 2», «47 ронинов», «Көшпенділер», «Моңғол», «Викинг», «Мың бала», «Анаға апарар жол», «Эртугрул» сериалында, болливуд фильмдері «Маникарника: Королева Джханси», «Хундистан басбұзарлары» киноларында ойнап үлгерді.
Олар Голливуд пен Болливудтің белгілі студияларымен және танымал режиссерлерімен байланыс орнатқан.