15 нау, 2019 сағат 10:19

Қазақстандық гимнаст әлем кубогының іріктеу сынында көш бастады

Бүгін Әзербайжан астанасы Баку қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогі кезеңі басталып, қазақстандық Милад Карими финалға жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.  

Еркін жаттығуда Милад мүлтіксіз өнер көрсетіп, іріктеу сынын бірінші орынмен аяқтады. Тағы бір отандасымыз Дмитрий Патанин шығыршықпен жаттығуда 16-шы нәтижені көрсетті.

Сондай-ақ, қоссырықтағы жаттығуда Патанин 25-ші орынды місе тұтты. Ербол Жантықов қоссырықтан 28-ші, Аким Мусаев 34-ші орын алды.