Футбол тарихы мен статистикасы халықаралық федерациясы (IFFHS) онжылдықтағы үздік клубтардың тізімін жариялады. Оның арасында қазақстандық «Астана» клубы да бар, деп хабарлайды Sports.kz сайты.
Үздік клуб ретінде Испанияның «Барселона» командасы аталды. Сондай-ақ, үздіктер «бестігінде» «Реал Мадрид» (Испания), «Бавария» (Германия), ПСЖ (Франция) және «Атлетико» (Испания) бар.
Рейтингте ұсынылған 140 команданың ішінде қазақстандық клуб та бар. «Астана» командасы соңғы 139-шы орынды «Мальмё» (Швеция) командасымен өзара бөліскен. IFFHS-тің рейтингті құрастырар кезде клубтардың 2011 жылғы қаңтар айынан 2020 жылдың желтоқсанына дейінгі аралықта ресми жарыстардағы табыстары есепке алынған.