05 қыр, 2019 сағат 20:11

Қазақстандық боксшылар әлем чемпионатына аттанады

ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери спортшылары Ресейде 20-шы мәрте өткелі отырған бокстан әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.  

Әлемдік біріншілікте еліміздің намысын 2017 жылғы бокстан әлем чемпионы атанған кіші сержант Қайрат Ералиев және Қазақстанның екі дүркін чемпионы, халықаралық жарыстардың жеңімпазы АОСК-ның мерзімді әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Сәкен Бибосынов қорғайды.

Байрақты дода 7–12 қыркүйек аралығында Екатеринбургтағы халықаралық аренада өтеді.

Осы жылы жарысқа 91 елдің 488 былғары қолғап шебері бақ сынайды. Бұл чемпионат тарихындағы қатысушылар саны жағынан рекордтық көрсеткіш. Одан басқа, 2020 жылы олимпиадалық болатын 8 салмақ дәрежесі бойынша алғаш рет жекпе-жектер өтеді.