09 там, 2020 сағат 23:09

Қазақстандық боксшы үш атақты қорғағаннан кейін IBF-тің үздік ондығына кірді

азақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (14-0, 9 КО) Халықаралық бокс федерациясының (IBF) орта салмақ дәрежесіндегі рейтингте орнын едәуір жақсартты. Бұл туралы Sport.kz агенттігі хабарлайды.

Жақында Минскідегі жеңісінен кейін Айдос Ербосынұлы рейтингте 13-орыннан 9-орынға көтерілді. IBF – Айдос үшін ең басты төрт ұйымның ішіндегі әзірге чемпиондық белбеуі жоқ жалғыз ұйымы. 

Еске сала кетсек, қазақстандықтар WBO Global, WBC Asia және WBA International бойынша екінші дәрежелі атақтарға ие. Соңғы жекпе-жегінде Айдос Ербосынұлы әділқазылардың бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша нигериялық неміс Нуху Лавалды (27-7, 15 КО) жеңіп, белдіктерін сәтті қорғады.