20 қар, 2021 сағат 10:58

Қазақстандық әнші Әділхан Макин "Ресей дауысы" шоуынан шығып қалды


Қазақстандық әнші Әділхан Макин "Ресей дауысы" шоуынан шығып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

19 қарашада, жұмада жас әртіс "жекпе-жек" кезеңінде Мирослава Кочева және Марина Моисеевамен бірге "Ты на свете есть" әнін орындады.

Тәлімгер Александр Градский келесі кезеңге Мирославаны таңдады. Әділхан мен Марина шоудан шығып қалды. 

"Баршаңызға көп рақмет. Александр Борисович сізге иілемін. Баршаңызға барлық жерде сәттілік тілеймін", - деді Әділхан қоштасу алдында.