Қазақстандағы McDonald's өзінің барлық мейрамханаларының жұмысын уақытша тоқтатады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстандағы McDonald's (Food Solutions KZ ЖШС) жергілікті жеткізілімдердегі шектеулерге байланысты 18 қарашадан бастап өзінің барлық мейрамханаларының жұмысын уақытша тоқтатады. Компания жұмысты тезірек қалпына келтіру үшін бар күшін салуда. Мейрамханалардың ашылу мерзімі туралы кейінірек хабарланады" - делінген ресми ақпаратта.
Айта кетері, "Food Solutions KZ" ЖШС компаниясы Қазақстан Республикасында 6 жылдан астам уақыт жұмыс істейді және жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар индустриясының көшбасшыларының бірі болып саналады. Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды қалаларында компанияның 24 мейрамханасы бар және оларда 2000-ға жуық адам жұмыспен қамтылған.