05 шіл, 2022 сағат 15:07

Қазақстандағы McDonald's техникалық ақауға байланысты жабылған


Қазақстандағы McDonald's мейрамханалар желісінің жұмысы неге тоқтап тұрғаны белгілі болды. Бұл туралы компания өзінің ресми парақшасында хабарлады.

"Қазақстан Республикасының барлық өңіріндегі McDonald's мейрамханалары фискалдық деректер операторында (FDO) техникалық ақау болуына байланысты жабылғанын хабарлаймыз", - делінген компания мәлімдемесінде.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта барлық мейрамхананың жұмысын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылданып жатыр.

"Барлық өңірдегі бөлімшелер біртіндеп ашылып жатыр", - деп қосты олар.

Еске салайық, осыған дейін Қазақстанда McDonald's мейрамханалар желісі жұмысын уақытша тоқтатқаны хабарланған. Желіде танымал фаст-фуд мейрамханалар желісінен тапсырыс беру немесе онда тамақ сатып алу мүмкін емес екені туралы шағымдар жарияланды.