02 шіл, 2020 сағат 12:30

Қазақстандағы карантин: Қалалар арасында блокпостар қойылмайды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов еліміз қалалары арасында блокпостар болмайтынын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен о нлайн баспасөз мәслихатында елордаға кіруге немесе қаладан шығуға шектеулер енгізу мүмкіндігі туралы сұрақ қойылды. 

«Қозғалысқа ешқандай анықтамалар керек емес. Екіншіден, қалалар мен өңірлер арасында блокпостар орнатылмайды», - деді Е. Тоғжанов. 

Сонымен қатар ол өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасы уақытша тоқтайтынын еске салды. 

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекеттік комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекіткен болатын. Оған сәйкес, биылғы 5 шілдеден бастап елімізде 14 күнге бірқатар шектеу шараларын енгізу шешімі қабылданды.