31 шіл, 2020 сағат 00:06

Қазақстандағы ең үздік 10 кәсіпқой боксшының тізімі жарияланды

Boxrec.com сайты қазақстандық үздік кәсіпқой боксшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Соңғы жылдары бұл тізімнің басында үнемі Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) тұратын. Биыл да GGG көшбасшы болды. Ол қазір IBF және IBO нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы. 

Екінші орында — WBO International чемпионы Қанат Ислам (27-0, 21 КО). Ол да орта салмақта өнер көрсетеді. 

Үздік қазақстандық боксшылардың үштігін Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) түйіндеді. Оның қанжығасында бірінші жартылай орта салмақтағы WBA Continental және IBF Inter-Continental белбеулері бар.

BoxRec рейтингі бойынша 10 үздік кәсіпқой боксшы: 

1. Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) — 806.0 

2. Қанат Ислам (27-0, 21 КО) — 28.66 

3. Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) — 27.41 

4. Әли Ахмедов (16-0, 12 КО) — 21.29 

5. Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) — 16.14 

6. Айдос Ербосынұлы (14-0, 9 КО) — 14.54 

7. Мейірім Нұрсұлтанов (13-0, 8 КО) — 14.46 

8. Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) — 12.87 

9. Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) — 10.64 

10. Руслан Мәдиев (13-1, 5 КО) — 8.076.