11 там, 2020 сағат 08:11

Қазақстанда жылқы саны көбейді

2020 жылдың 7 айының қорытындысында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 1,7 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Осы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2,5 пайызға ұлғайып, 1,7 трлн теңгені құрады. Бұл өсім негізінен мал шаруашылығында өндіріс көлемінің 2,6, оның ішінде тірі салмақта еттің 3,6, сүттің 3 пайызға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді», - деді ол. 

Министрдің айтуынша, облыстар бөлісінде республикалық деңгейден жоғары қарқын Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында байқалып отыр. 

«6 айдың қорытындысында ірі қара мал саны 4,5, қой саны 2,5, жылқы саны 8,5, түйе саны 4, шошқа саны 0,7 пайызға өсті», - деді Сапархан Омаров.