Синоптиктер тамыздың 20-22 аралығындағы ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
«Қазақстанға Батыс Сібір өңірлерінен суық атмосфералық ағындармен циклон ығысып, олар республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарына қарай жылжиды. Соның салдарынан республиканың кей аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшейеді. Сондай-ақ бұршақ жауып, ауа температурасы төмендеуі ықтимал», - делінген хабарламада.
Батыста және оңтүстікте жауын-шашынсыз, оңтүстікте ыстық бәсеңси түседі.