Синоптиктер 28-30 шілдеге арналған ауа райы болжамын айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі метеорологиялық жағдай нашарлайды. Солтүстікте күндізгі ауа температурасы төмендейді және елдің оңтүстік жартысында ыстық бәсеңдейді", - делінген хабарламада.
Күндізгі уақытта ауа температурасы:
- Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде күндіз +20 +30 градустан +15 +25 градусқа дейін;
- елдің орталығында +25 +33 градустан +18 +27 градусқа дейін;
- шығыс облыстарда аптап: +25 +35 градустан +19+29 градусқа дейін төмендейді;
- Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында болса, +30 +39 градустан +25 +36 градусқа дейін болады.