08 жел, 2021 сағат 15:42

Қазақстанда вакцинация паспорты жарамды елдер тізімі кеңейтілді


көрнекі сурет

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясовтың Қазақстан Республикасында COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинация паспорттарын/сертификаттарын/анықтамаларын тануға қатысты жаңа қаулысы жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған қаулыға сәйкес, Қазақстанда вакцинация паспорты жарамды болатын елдердің тізімі біршама кеңейтілген. 

«Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құжаттардың үлгілеріне сәйкес Аргентина Республикасында, Мажарстанда, Грузияда, Иран Ислам Республикасында, Иорданияда, Канадада, Қырғыз Республикасында, Мальдив Республикасында, Моңғолияда, Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Молдова Республикасында, Перу Республикасында, Сан-Марино Республикасында, Сербия Республикасында, Тунис Республикасында, Үндістан Республикасында, Филиппин Республикасында, Таиландта, Түркия Республикасында, Черногория Республикасында, Чех Республикасында, Эстония Республикасында және Японияда берілген азаматтардың КВИ-ге қарсы вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын»,- делінген қаулы мәтінде.