22 сәу, 2021 сағат 14:37

Қазақстанда вакциналарды тексеруге ерекше мән берілген - ғалым

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықты иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссиясының мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жаннат Сатыбалдиева Қазақстанда вакциналарды тексеруге ерекше мән берілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Көптеген елдерде вакциналарды өндіруді бастады, оның ішінде Қазақстан да кірісті. Қазір «Спутник V» вакцинасы қазақстандық фармацевтикалық кешенде шығарылып жатыр. Бұл замануи зауыт GMP талаптарына сәйкес келеді, бұл кезегінде тиісті өндіріс тәжірибесі бар дегенді білдіреді», - деді Ж. Сатыбалдиева вакцина тақырыбына арналған онлайн талқылау барысында. 

Оның айтуынша, бұл вакцинаның технологиялық палатформасы ертеректе қабылданды, яғни осы платформаға 20 жылға жуықтады. Ол биотехнологиялық әдістер көмегімен алынды. «Спутник V» вакцинасы сының екі дозасын алғаннан кейін, адам ағзасында ерекше қорғаныс иммунитеті қалыптасады. 

Сонымен қатар ғалым Қазақстан ғалымдары сынақтан өткізген отандық вакцинаға тоқталды. 

«QazCovid-In немесе QazVac вакцинасына тоқталсақ, бұл екпеде айтарлықтай танымал технологиялық платформа ескерілген. Бұл классикалық технологиялық процедура болып отыр. Оның көмегімен коронавирус инфекциясы қоздырғышының биологиялық массасы шығады. Осы орайда хромотографиялық айрықша әдістер арқылы күрделі бағалау жүргізіледі. Кейіннен дозалар пысықталып, дайын вакцинаны өндірудің бірқатар рәсімдері жүргізіледі», - деді Жаннат Сатыбалдиева. 

«Бұл вакциналарды тексеру процедурасы айтарлықтай күрделі. Пандемия жағдайының өзінде Қазақстан жаппай пайдалануға рұқсат алардың алдында тыңғылықты тексеріп келеді», - деді ғалым.