12 там, 2020 сағат 13:48

Қазақстанда ҮЕҰ-ға грант беру тәртібі өзгереді

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) үшін гранттық қаржыландыру тетігін жетілдіруге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, тиісті қадамдар өзгеруде, алдымен соңғы тұтынушының сұранысын ескеріп, саладағы саясатты құру керек. Қазіргі кезде жұмыстар екі бағытта жүріп жатыр. Бірінші кезекте гранттарды ұсынудың ережесін өзгеру ескерілген. 

«Қазіргі кезде осы процесс талқыланып жаты. Пікірлерді зерделей отырып, бұйрықтың жобасы ұсынылады. Екіншіден, заңнамалық өзгертулерді ескеру керек», - деді ол. 

Осы орайда ол үкіметтік емес сектордан нақты идеяларды қабылдау керектігін атап өтті. 

«Тиісті түзету жасау үшін, қыркүйек айында Волонтерлік қызмет туралы заңнамаға өзгертулер енгіземіз. Осы орайда 2021 жылы ҮЕҰ-лар бұл процесті ауыстыруы үшін, құжатты енгізуге тырысамыз. Мемлекет тарапынан тиісті ережелерге көндірудің қағидалы ұстанымы жоқ. Біздің мақсат – қоғам пікірін ескере отырып, бұл процесті арбитр ретінде реттеу», - деді М. Қожахмет. 

«Гранттық қаржыландырудың негізін көрсету маңызды. Жалпы, азаматтық белсендіктің көтерілгенін көріп тұрмыз. Мемлекет мақсаты – әлеуметтік бастамаларды қолдау, сол кезде әлеуметтік нәтиже жоғары болады. Осы орайда мемлекет қоятын көрсеткіштерден бас тартып, үкіметтік емес сектордың жұмыс істеуіне мүмкіндік беру міндеті қойылып отыр. Біз қаржыландыру формаларын кеңейтуіміз керек», - деді ол.