10 мау, 2021 сағат 10:53

Қазақстанда тұрғын үй құрылысы артты – ҚР ҰЭМ


ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев құрылыс саласы қарқынды дамыған өңірлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрылыс саласы жоғары қарқынды өсімді көрсетті. Атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі 11,3%-ға ұлғайды. Батыс Қазақстан облысын қоспағанда, барлық өңірде оң көрсеткіш тіркелді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының жақсы өсімі Түркістан, Қызылорда және Қостанай облыстарында және Алматы қаласында байқалады», - деді Ұлттық экономика министрі бүгінгі Үкімет отырысында. 

Оның айтуынша, тұрғын үй құрылысы белсенді жүргізілуде. Биылғы қаңтар-сәуір қорытындысы бойынша 4,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,5%-ға жоғары. Осыған байланысты барлық өңір оң өсім көрсетті. Ең жоғары көрсеткіш Шымкент қаласында, Атырау және Павлодар облыстарында байқалады.