Фото ашық дереккөзден алынды
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Қазақстанда "суперЦОНдар" ашылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
"Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мемлекеттік қызмет көрсетуінің клиенттік тәжірибесі негізінде біз тұрғындардың ХҚО-дан қызмет алған соң БЖЗҚ, коммуналдық кәсіпорындар, әкімдік сияқты басқа да инстанциялардың табалдырығын тоздыратынын түсіндік. Сондықтан азаматтардың барлық мәселесі бір жерде шешілуі үшін осы ұйымдардың барлығын бір ғимаратқа шоғырландырғымыз келеді", - деді Бағдат Мусин министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.
Қазіргі уақытта министрлік Астана әкімдігімен және Президент Әкімшілігі басшылығымен азаматтарға жайлы әрі сапалы қызмет көрсету үшін біртұтас кеңістік, яғни суперХҚО ашуға уағдаластық жүргізген.