"Қазгидромет" РМК синоптиктері шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
Шілденің бірінші онкүндігінде Қазақстанның басым бөлігінде циклондық белсенділік және атмосфералық фронттар әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер болады: Қазақстанның батыс облыстарында айдың басында, республиканың қалған бөлігінде шілденің бірінші онкүндігінің ортасында.
"Күн күркіреп, жаңбыр, бұршақ жауады, жел екпіні 15-25 м/с дейін күшейеді. Осы кезеңде Солтүстік теңіздер аймағынан суық ауа массалары ығысып, республиканың солтүстік жартысында түнде температура фоны +5+13 градус, күндіз ауа температурасы +18+28 градустан +12+17 градусқа дейін төмендейді, республиканың оңтүстік жартысында түнде +20+25 градустан +12+20 градусқа дейін, күндіз +30+38 градустан +23+30 грудасқа дейін аптап болады", - делінген хабарламада.