25 жел, 2020 сағат 11:56

Қазақстанда сауда желілеріне қандай талаптар қойылады?

Қазақстанда сауда желілеріне қандай талаптар қойылады? Бұл сұраққа елдегі ритейл нарығына жасалған талдау жөнінде баяндама жасаған ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік кешен департаментінің директоры Әсемгүл Нұрмағамбетов жауап берді.

«Заңнамаға сәйкес, бөлшек сауда желілеріне техникалық және баға талаптары қойылады. Біріншіден, мемлекет әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын реттейді. Екіншіден, сыйақы мөлшері 5%-дан аспауы керек. Үшіншіден, саудаға қосылатын құн 15%-дан аспауы тиіс. Сонымен қатар, сөрелерді бөлуге қойылатын талаптар бар - отандық өнімді орналастыру үшін кем дегенде 30% болуы керек», - деді Әсемгүл Нұрмағанбетова агенттіктің онлайн-конференциясы барысында.

Оның айтуынша, республикада бұл құрылымда ауданы 2-ден 10 мың шаршы метрге дейінгі 263 сауда нысаны тіркелген. 

«2016 жылы олардың саны 268 еді. Соңғы 4 жылда бөлшек сауда орындарының саны іс жүзінде өзгеріссіз қалды. Басқа елдермен салыстырғанда, Қазақстанда бөлшек сауда нарығының даму деңгейі төмен. 263 ірі сауда нүктелерінің ішінен 136 сауда нүктесі азық-түлік саудасына мамандандырылған. Олардың негізгілері Нұр-Сұлтан мен Алматыда шоғырланған - саны 116», - деп атап өтті спикер. 

Әсемгүл Нұрмағамбетова сонымен қатар Қазақстанда отандық ритейлермен қатар халықаралық ритейлер де жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

«Бүгінгі таңда аймақтық желілерді кеңейтіп жатқан кейбір ірі ойыншыларының бәсекелестігі байқалады. Олар: Magnum, Small, Metro және Anvar сияқты желілер. Сонымен бірге ойыншылардың, оның ішінде шетелдік ритейлерлердің жылыстауы байқалады. Сонымен қатар, Green гипермаркет желісі концепциясын дүкен үйіне ауыстырды», - деп қорытындылады Әсемгүл Нұрмағанбетова.