06 қаз, 2022 сағат 14:05

Қазақстанда оқу бағасы қымбаттап кетті


Ұлттық статистика бюросы білім беру саласында бағаның өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Ұйым мәліметінше, өткен жылдың қыркүйегімен салыстырғанда білім беру саласындағы баға 13,8 пайызға қымбаттаған. Бұл соңғы бес жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш. 

Мектеп пәндері бойынша білім беретін орталықтардың қызметі 10,2 пайызға көтерілді. 

Колледждерде білім алу құны 19,5 пайызға, ал жоғары білім 16,3 пайызға өскен. 

Кәсіби түрде білім беретін түрлі курстар бағасы 15,6 пайызға жоғарылады.