20 қыр, 2021 сағат 16:49

Қазақстанда министрліктер сайты істемей қалды


Қазақстанда мемлекеттік органдар сайты техникалық ақауға байланысты жұмыс істемей қалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Қазір gov.kz қызметінде жұмыс істейтін мемлекеттік орган порталдарына кіру мүмкін емес. Сайттарда "настройка текущего языка" деген ақау көрсетілген. Басқа беттер жүктелмейді. Техникалық ақау бір сағат бұрын байқалған.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі ақау туралы ақпаратты растады.

"Сарапшылар мемлекеттік органдар сайты әлі де жұмыс істемейтінін айтты", - деді компанияның баспасөз қызметі өкілдері.