Қазақстанда жаңа лауазым - "дата стюарт" енгізу ұсынылды. Мұндай бастаманы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ведомство "Ашық НҚА" сайтына "Саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы президент жарлығына толықтырулар жобасын жариялады.
"Жарлық жобасы бойынша, В, С, D санаттары тобын "дата-стюард"лауазымымен толықтыру бөлігінде саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымы тізіліміне толықтыру енгізіледі", - делінген жарлыққа өзгерістер жобасы құжатында.
